Ойын - балалардың өз бетімен ерікті атқаратын іс - әрекеті, ойын арқылы адамның жан дүниесінің барлық қырлары, жүректілігі, ерік - жігері қалыптасады. Ойынның, әсіресе балалардың психологиясына тигізетін әсері көп, ойын кезінде балалардың ортамен қарым – қатынасы кеңейіп, таным қабілеті өсіп, мінез – құлқы қалыптасады, ойынның сан алуандылығы балаларды достыққа, адамгершілікке, тапқырлыққа, шапшаңдыққа баулиды
Ойын арқылы баланың сөздік қоры дамып, ауызша сөйлеу машығы өзгереді, таным белсенділіктері қалыптасып, ақыл – ой процесі өсіп – жетіледі, түрлі адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіреді.
Балалармен ойынның әр түрін ұйымдастыра отырып, бір – біріне деген қайырымдылық, мейірімділік, достық, жолдастық, бауырмалдық, ортаны сыйлау сезімдеріне тәрбиелеуге болады.
Ойын – балалар үшін күрделі әрекет, ол білімді, ақылды ұйымдастыруды қажет етеді. Ал білімді бала қайдан алады? Оған бала ойын арқылы өзі үйренеді, үлкендер де үйретуге тиіс. Ойынның өз мақсаты, жоспары, арнайы заттары, т.б. көптеген ерекшеліктері болады.
Ойын – балалардың негізгі іс – әрекетінің бір түрі. Ойын арқылы бала өмірден көптеген мәліметтер алады, өзінің психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады, яғни ойын арқылы бала білім алады. Бала зейіні қажет ететін, әдейілеп ұйымдастырылған ойындар оның ақылын, дүниетанымын кеңейтеді, мінез – құлқын, ерік – жігерін қалыптастырады. Аса ірі психологтардың айтуы бойынша, бала ойын үстінде қандай болса, өскенде еңбекте де сондай болады. Ойын – адамның өмір танымының алғашқы қадамы.
Танымдық құрастыру ойындары:
Ойын үстінде бала бейнебір өмірдің өзіндегіндей қуаныш пен реніш сезімінде болады.
Мектеп жасына дейінгі танымдық ойындары арқылы олардың ой-өрісі дамиды. Ойын үстінде балалар әртүрлі рөлде жолдастарымен қарым – қатынас жасауға, ойын үстінде ойлана отырып жауап беруге, қиялдауға, елестетуге қабілеттері қалыптасады. Сөздік ойындары балалардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамытады. Ойыншықтарды пайдалана білуге үйренеді.
Арнайы ойын ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің мазмұнына қарай танымдық, дамытушы ойындарды, тапсырмаларды қолдану, балаларды заттарды бір – бірімен салыстыруға, оларды қасиетіне қарай ажыратуға және оны танып білуге үйретеді. Сөйтіп бала топтағы жасына сәйкес бағдарламалық міндетті меңгереді.
Сюжетті ролді ойындар.
Мазмұндық рөлдік ойындар баланың зейінін, есін, ойлауын, қиялын қалыптастыруда зор үлес атқарады.
Ойын ұйымдастыруда балаларға жетекші бола отырып, ойнай білуге ойын ережесін сақтауға, әрі оларды ойната отырып ойлануға бағыттау, заттың атын немесе қасиетін есінде сақтап қалуға жол ашу, ойынға қызықтыра отырып балалардың зейінін, қиялын дамытуға үйрету.
Үстел үсті ойындары:
Үстел үсті ойындарды ұйымдастыруда домино, лото, суреттер қолданады. Мысалы: «Суретті құрастыр», «Қандай затқа ұқсайды», «Бір сөзбен ата»,
не артық?» т.б.
Ойындарды қарапайым математикалық ұғымды қалыптастыру сабағында пайдалану балалардың алған білімін күнделікті өмірімен ұштастыруға қолайлы. Ойын сабақтың мазмұнын байыта балалардың қиялдарын қозғап, зейіндерін кеңейте түседі.
Мысалы: «Санамақ», «Он саусақ» өлеңдерін жаттатып, мазмұнын түсіндіру арқылы балалардың тілін ұстартып, логикалық ой – жүйелерін қалыптастыруға болады.
Ойындарды үнемі пайдалану арқылы балалардың ауызша есептеуге жаттығуына логикалық ой-жүйелерін жетілдіруге, түсінуге толық мүмкіншілі бар
Балалар психологы Эльконин «Ойын – мінез – құлықтың ырғақты дамуының алғашқы баспалдағы - мектебі» дейді.
Егер баланы жай кезде тік тұрғызып қойсаңыз, ол 2 - 3 минут та тұрмайды, ал егер ойын үстінде айтсаңыз, тіпті ол бір кертартпа, қыңыр баланың өзі болса да тік тұрып қалады, бұл – ойынның өз мақсатына жету деңгейі.
Ойлау қабілетін арттыратын ойындар.
Ойлау қабілетін арттыруға арналған «Сен білесің бе?», «Бұл қай кезде болады?», «Суреттерді аяқтайық» ойындары т.б.
Зейінді қалыптастырып, дамытуға арналған ойындар: «Не өзгерді?», «Түймелер», «Жұпты суреттер» ойыны,
Қабылдау қабілетін дамытуға арналған ойындар: «Пирамидалар, жинағыштар, таяқшалар,» «Кубик ойындары», «Таңғажайып дорба, т.б.
Есте сақтау қабілетін арттыруға арналған «Суреттерді есіңде сақта,» «Түрлі - түсті доптар,» «Көлеңке» т.б.
Мысалы, балаға «әдептілік» пен «әдепсіздік», «жақсы» мен «жаманның» не екенін қанша түсіндірсең де түсінбейді, ал егер ертегі не ойынды пайдалансақ, ертегіні тыңдай отырып не ойын барысында кейіпкер рөліне еніп, эмоционалдық жай - күйін сезініп, соған бала үйренеді, әрі түсініп алады.
Мысалы, «Адасу» ойыны. «Қане, балалар, көзімізді жұмайық. Біз қазір саяхатқа шығамыз.( Біз ну орман ішінде жүріп келеміз. Ой, біз бағыттан адасқан сияқтымыз, енді не қылсақ екен? Біреу келе жатқан тәрізді., ой, мынау орманшы ағай ғой, жол сұрауымыз қажет. Не дейміз, сөзді неден бастаймыз?» (Саламатсыз ба? Кешіріңіз, айтып жібермейсіз бе? Рахмет!
Сауболыңыз!)міне, бір ойын барысында бала өміріне азық қанша әдептілік сөздерін үйренді. Немесе, «Сыйқырлы сөздер» ойыны – ойын барысында тәрбиеші кез – келген өтінішті айтады, бала оны әдепті түрде айтуы керек. «Инабат, ойыншықты бер» - «Инабат, өтінемін, ойыншықты берші». т. б.
Қазақтың ұлттық ойындарын қолдану.
Мысалы, «Сақина салу», «Ақсүйек» т.б. Ребустар шешудің баланың ой ұшқырлығын дамытуға әсері мол. Баланы ұшқыр ойға, тапқырлыққа жетелейтін жұмбақтарды әр сабақ сайын жүйелі пайдалану керек. Сабақта балаларға жұмбақтарды жатқа айтқызудың өзі тілін жаттықтырады.
Бала өзін қоршаған ортаны, адамдарар асындағы қарым – қатынасты білуі мен сезінуі ойын негізінде жүзеге асады.
Ойынның мақсаты нақты қойылып, керектіі көрнекіліктер мен материалдар алдын ала дайындалып, оңтайлы жерге қойылуы керек.
Қорытындылдай келе ғалым ағартушы Ахмет Байтұрсынов: «Басқадан кем болмас үшін біз білімді, бай күшті болуымыз керек. Күшті болуға бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек» деген екен. Білім беру ісіндегі бүгінгі күннің өзекті мәселесі ел ертеңін ойлайтын білімді де, білікті зйінді ұрпақ тәрбиелеу. Балаларды мейірімділікке, әділеттілікке, әдептілікке тәрбиелеу.