«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша  білім бөлімінің  жанындағы Атбасар қаласының «Алтын бесік» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын
Государственное  коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Алтын бесік» города Атбасар при отделе образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Жұлдыз" ересек тобының балаларымен балабақша учаскесі бойынша қызықты және танымды экскурсия өткіздік. Мектепалды топтарының жазғы ойын-сауықты қалай өткізетінін көрдік. Экскурсияда спорттық алаңның жолымен жүріп өтіп, аспаз блогына жеткенімізде балабақшамыздың аспазы бізге балабақшада өздерінің қолдарымен отырғызған көкөністерін көрсетіп, оларды қалай дұрыс баптайтындары туралы айтып берді. Біздің бақылауымыздың келесі нысаны, әрине, біздің балабақшамыздың сәнін келтіретін гүлдеріміз болды. Біз оларды қарап қана қоймай, иіскеп, тіпті оларды суарып та үлгердік. Экускурсиямызды жалғастыра келе, электрик пен тазалаушының жұмысымен де таныстық. Әрине, біз өз балабақшамыздың маңайында өсіп келе жатқан әдемі шыршаның жанынан да өтіп кете алмадық, бұл ағаш бізге жаңа жылға қонаққа келгенін есімізге түсірді, сол мезетте біз бір-бірімізге жұмбақтар жасырып та үлгердік. Балабақша аумағында әртүрлі ойынға араналға құралдар бар, мұның бәрі балаларға арналған әрі көбісі ересектердің қолымен жасалғанына назар аударды. Экскурсия балаларға өте ұнады, көргендерінен көптеген әсерлер алды.

26.07.2024

Просмотров: 13


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст