Текст
Ұйымдар тізімі
06.09.2022
Мектеп жасына дейінгі балалардың ең сүйікті әрекеттері сурет салу. Мектепке дейінгі кезеңдегі шығармашылық қабілетінің дамуы мектеп жасына дейінгі балаларда бейнелеу өнерінде пішін және бояуды сәйкестендірудің басқа жолын іздеуі болып табылады.
"Алма бағы" тақырыбында дәстүрден тыс сурет салу технологиясын қолданып сурет салды. Балалар мақта таяқшаларын қолданып, алманың суреттерін салды. Балаларға дәстүрден тыс сурет салу ұнады. « Топтастыр» дид.ойынын ойнады. Балалар жемістер мен көкөністерді ажыратып, екі себетке бөліп салды. Балалар ойынға белсенді болып, жақсы көңіл - күймен қатысты.
Тәрбиеші: Бердхожа А.
