Текст
Бізге сыйлап сыңғырлаған күлкіңді,
Сәбилерім көздеріңнен нұр тұнды.
Бізден ұшып қанат қағып есейдіңдер,
Өздеріңмен қоштасатын күн туды.
25 мамырда біздің бөбекжайдың қабырғасынан біздің сүйікті "Зерек бала"мектепалды даярлық тобының түлектері үлкен мектеп өміріне аттанды. Балалар ән айтып, би билеп, ойын ойнады, достары мен қызметкерлеріне көптеген жылы сөздер айтты. Оларға сәттілік пен жақсы бағалар тілейміз!