Текст
Ересектер «Жұлдыз» тобында «Анама сыйлық» тақырыбында жапсыру оқу қызметі өтті. 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесі туралы әңгіме жүргізіліп, аналары мен әжелерін құттықтауға шешім қабылдады ,жапсыру түрінде өз қолдарымен сыйлық жасады. Оқу қызметі барысында балалар өздерінің қиялдарын, аналарын таң қалдыруға деген құлшыныстарын көрсетті. Гүл шоқтары әртүрлі, әдемі және ең бастысы өз қолдарымен жасалған әдемі болып шықты.
Тәрбиеші: Қарауылбекова Б. С.