Сипаттама бойынша әңгіме құрастыру «Коммуникация» білім беру саласындағы балалардың сөйлеуін дамытудың негізгі бөлімі болып табылады. Бүгін логопедтік «Балапан» тобында «Менің сүйікті ойыншықтарым» тақырыбында сөйлеуді дамыту оқу қызметі өтті. Мақсаты: сүйікті ойыншықтары туралы сипаттамалық әңгіме құру дағдыларын қалыптастыру. балалар сүйікті ойыншықтары бейнеленген иллюстрацияларды қарастырды, ойыншықтар туралы өлең жолдарын оқыды. Балаларға сүйікті ойыншығын табуға көмек сұрап өтінішпен келген Саулеге,балалар жоғалған ойыншықты табуға көмектесті. Тақырыптың сипаттамасына сәйкес балалар резеңке допты тапты. Содан кейін Сәуле өзінің сүйікті ойыншықтарын суреттеді. Балалар мнемотаблицаларға сәйкес ойыншықтар туралы әңгімелер құрастырды. Ойыншықтар дүкенінде балалар ұсынылған ойыншықтардың жарнамасын ойлап тапты. «Менің, менікі» ойыны арқылы білімдерін кеңейтті.Сауле қуыршағы балалардың шеберлігіне риза болып, өзінің достарына арнап ойыншықтар салуды ұсынды.
Тәрбиеші: Рахимжанова А.А.