«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша  білім бөлімінің  жанындағы Атбасар қаласының «Алтын бесік» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын
Государственное  коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Алтын бесік» города Атбасар при отделе образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жас маман – Дана Дулатқызы

15.02.2022

 Бөбекжай тәрбиешісі – барлығы бұл мамандықты оңай әрі қарапайым деп санайды.Бірақ балалармен ойнау, серуендеу, мүсіндеу,сурет салу,ән үйрену, балаларды тамақтандыру және төсекке жатқызу  оңайлыққа жатпайды. Тәрбиешінің жұмысы – үлкен махаббат, шыдамдылық, күш пен жан-жақтылықты талап ететін қажырлы да күнделікті жұмыс, өйткені тәрбиеші әр балаға аяулы ана, жақсы дос, дана ұстаз бола білуі керек.

Василий Сухомлинскийдің тамаша сөздері бар:"Балаларға тәрбиеші болу үшін оларға өз жүрегіңді беру керек». «Алтын бесік»  бөбекжайының жас тәрбиешісі Жамбулова Дана Дулатқызы Еуразия гуманитарлық колледжінде мектепке дейінгі тәрбие және оқыту мамандығы бойынша оқу бітірген. Дана Дулатқызы бөбекжайға 2020 жылдың тамыз айында жұмысқа орналасты. Бүгінгі таңда «Қуаныш» ортаңғы тобының тәрбиешісі болып жұмыс атқаруда.Оның тобында жиырма бес баласы бар -олар  көңілді,  ізденімпаз, мінезі мен әдеті әртүрлі. Дана Дулатқызы әрбір сәбидің жүрегінің кілтін таба білді.

Мектепке дейінгі  ұжымында оны барлығы жақсы көреді, құрметтейді. Балалармен сабақ беруде және дамытуда кәсіби білімін қолданады. Бөбекжайдың педагогикалық өміріне белсене қатысып, әрқашан кәсіби өсуге ұмтылады, тәжірибелі педагогтармен әр түрлі оқу қызметтеріне қатысады. Сондай ақ ол сабырлы, мейірімді, әрқашан күлімсіреп, жақсы көңіл-күйде жүреді,өз тәрбиеленушілерін жақсы көреді. Тәрбиешінің балаларды тәрбиелеу мен оқытудағы  ең бастысы ол ата-аналармен жұмысты шебер ұйымдастыруы.

Топтық өмірді ұйымдастыруға белсенді қатысып, өз айналасына балалар мен ата-аналарды біріктіріп, өзара түсіністік, сенім және қолдау тобын құра біледі.

 Біздің бөбекжай ұжымы Дана Дулатқызына   шығармашылық табыс тілейді.

Бөбекжайдың бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Кеслер О.Л

Просмотров: 116


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст