Метепалды даярлық «Ақ бұлақ» тобында «Махаббат – өмір негізі»тақырыбында әңгімелеу өткізілді. «Сәби. Қамқорлық» мұльтфильмі көрсетіліп, сол бойынша әңгіме жүргізілді. Мультфильм желісімен қойылған сұрақтарға балалар жауап беріп талдау білді. Мультфильмнің кейіпкері Роботтың гүлге деген махаббатын, қамқорлық көрсету арқылы білдіргенін балалар түсінді. Слайд бойынша табиғатқа ,құстарға, жануарларға жақын адамдарына деген махаббат туралы суреттермен әңгіме жүргізілді. Балалар өз жақын адамдарына қалай махаббаттарын білдіретінің туралы әңгімелеп берді. Шығармашылық жұмыс бойынша «Ізгі іс» тапсырманы жақсы мен жаманды ажырата таңдап суреттерді жапсырып және әңгімелеп берді. «Махаббат – өмір негізі»тақырыбында әңгімелеу қорытындылай келе «Біз бақытты баламыз» әнін орындады.