«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша  білім бөлімінің  жанындағы Атбасар қаласының «Алтын бесік» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын
Государственное  коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Алтын бесік» города Атбасар при отделе образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Баланың балабақшаға бейімделуіндегі отбасының рөлі

07.09.2020

Бейімделу үшін ең маңызды факторлар:

Баланың балабақшаға баруы дегеніміз  -  оның бейтаныс жағдайға тап болуын білдіреді, бұрын тұрақты байланыстардың кейбіреулерінің бұзылуы мен жаңаларының жылдам пайда болуын талап етеді. Бұл міндеттердің күрделілігі, мектепке дейінгі мекемеге бару балада психикалық срестің дамуына әкеледі.

    Стрес -  бұл анасынан айырлу және бейтаныс балалармен және бөтен ересек адамдарменжалғыз өзінің қалу қажеттілігі, өйткені бұған дейін бала жаңа жағдайға кезіккен кезде үнемі анасының қолдауын алатын еді және оның жанында болу  -  бала үшін психологиялық қорғалу .

     Сондай – ақ балада құрдастырымен қарым-қатынасқа деген мұқтаждық әлі қалыптаспаған, бірлесіп ойнау дағдылары әлі дамымаған. Нәтижесінде алғашқы күндері балада ауыр жағымсыз әсерлер қалдыратын жағдайлар болады, салдарынан ол әрі қарай баруға қарсылық көрсетеді.

    Баланың  тез бейімделуіне отбасы үлкен рөл атқарады.  Ата- аналар айғай – шусыз және ашусыз баланың балабақшасына мүмкіндігінше ауыртпалықсыз кіруі үшін , қажетті ақпараттар алуы керек.

Ата – аналар келесі сұрақтарға жауап беруі керек: «Бейімделу сипаты немен аяқталады?»  , «Баланы  балабақшаға калай дайындауға болады?»

Баланың бейімделуіндегі жағдайын келесі факторлар анықтайды:

Баланың жасы:

Жеке психологиялық ерекшеліктері:

Баланың жас ерекшеліктерінің дамыуы,  және денсаулық жағдайы.

Дәстүрлі түрде бейімделу үш түрге бөлінеді:

Жеңіл, орташа, ауыр. Жеңіл бейімделу   2 – 6 апта, орташа – 4 – 6 апта, ауыр 6 айдан 9 айға дейін  созылуы мүмкін. Баланың балабақшаға баруы үшін бірінші кезекте ата – аналар дайын болуы керек.

 Ата-ана баланың балабақшада жақсы бейімделуі мінез құлқы мен өзін-өзі күту дағдыларының қалыптасқандығында екендігін білуге тиісті. Бала тәрбиешімен және басқа балалармен амандаса білуі керек, қалай ересектердің назарын өзіне әдепті түрде аудара алуы керек екендігін жақсы білуі керек.

Ата-ана балабақщамен алдын ала баланы таныстыру керек, баласымен серуен кезінде келіп, ойнап жатқан балаларды бақылау, тәрбиешімен танысу керек.

Үйде түскі астын алдында немесе ұйықтар алдында балаға балалардың осы уақытта не істеп жатқандығы туралы айтуы керек

Баланы алып кете отырып, оның қандай ақылды екенін, оның балабақшаға барып жүргендігін ата – анасы қалай мақтан тұтатындықтарын атап өту керек. Оның балабақшада не істегенін , не ұнағанын, ертен оны топта қандай істер күтіп тұрғанын талқылаңыз. 

Педагог-психолог Раисова А.Ш.

 

Просмотров: 739


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст