1. Баланың жеке тұлғасын емес, өзіңіз байқаған жағымды нақты іс – әрекетін бағалаңыз.
2 . Балаға біреудің мақсатына жету құралы болу емес, өзі жасап шығару ұнайды.
3. Бала бұл - әлемдегі ең әрекетті тіршілік иесі. Ата-ананың міндеті оның дамушы және тәрбиешілік қызметін қосу.
4. Сүйікті ісі жоқ балалар болмайды. Баланың оны таба білуіне көмектесіңіз.
5. Қажет болса ,баланы еркелетіп, мейрімге бөлеңіз.
6 . Баламен дауласуға қорықпаңыз, бірақ конструктивті түрде дауласыңыз.
7 . Баланы шешім қабылдауға тартыңыз, оның пікірін есепке алыңыз.
8 . Баланың ой-пікірінің дербестігін, оның белсенділігін ынталандырыңыз.
9 . Балаға кеңеспен, өтінішпен, әрекетке интермелеумен ықпал етуге тырысыңыз.
10. Баланы басқалармен емес, тек қз-өзімен салыстырыңыз.
11 . Баланың ұстанымын ұстай алыңыз, оның орнында бола алыңыз, бұл сізге күнделіктіөмірде көмегін тигізеді.
12. Баланы тыңдай және ести біліңіз.
13. Баланы сыйлаңыз, оған жақсы нәрсе үшін алғыс айтуға дайын болыңыз, ал қажет болса, одан кешірім сұрауды да ұмытпаңыз.
14. Балаға жағымды көңіл-күймен жақындаңыз.
15. Балаға қызметтің жеке түрін ұсыныңыз. Бұл оның істеп жатқан нәрсесінің жеке маңыздылығын қамтамассыз етеді.
Ересектердің баламен бірлескен қызметінде , ересектердің емес, балалардың өзінің әрекеті мен ой пікірлері басым болуы керек. Баланың өзі қалаған материалды табысты меңгеруінің көрсеткіші – меңгерген дағдыларды күнделікті өмірге енгізуі және оларды әр түрлі жағдайларда пайдалана білуі болып табылады.
Раисова А.Ш. педагог- психолог