«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша  білім бөлімінің  жанындағы Атбасар қаласының «Алтын бесік» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын
Государственное  коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Алтын бесік» города Атбасар при отделе образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Құрметті ата-аналар!

16.07.2020

Төтенше жағдайға байланысты балаларыңызбен үйде отырғандықтан ,балалармен бос уақытта ойындар ойнауларыңызды ұсынам.Осындай қызықты ойындардын бірі-саусақ ойыны.

Саусақ ойыны арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып, ынтасы артады. Сөйлеу тілі мүшелері әрекетінің қозғауларының дамуы қол саусақтарының нәзік қимылдарының дамуымен тығыз байланыста болғандықтан, бала қолының ептілігін толық жетілдіру, түзету-тәрбие жұмысын жүйелі жүргізуді қалайды. Саусақ ойынын балабақшада және үй жағдайында әсерлі, көңілді түрде ұйымдастыруға болады. Баланың тілі негізінен мектепке дейінгі кезеңде қалыптасады. Бұл кезеңде ағзаның барлық бөліктері және жүйелері қарқынды дамып, баланың дене және ой дамуына қажетті қозғалыстағы таным іскерлігі қалыптасады. Мектепке дейінгі кезеңде қолдың ұсақ моторикасы мен қимыл-қозғалыстарын дамыту жұмыстары маңызды болып табылады.

Қол саусақтар жаттығулары есте сақтау және назар аудару қабілеті. Тақпақты саусақтар жаттығулары ырғаққа ілесіп қимылдауына және баланың сөйлеу ырғағының қалыптасуына көмектеседі. Сондықтан баланы ерте жастан бастап шынықтырған жөн.

1. Екі қол

Қолжуғыштың қасына, (алға қарай жүреміз) Келе қалды балақан. Ысқылады асыға, (екі қолдың алақандарын қосып үйкейміз) Алақанды алақан. Қарады да сосын ол: (екі қолдың алақандарын ашып, қуанады) «Тап - таза» деп қуанды. Қандай жақсы, екі қол, (екі қолын көрсетеді) Бірін – бірі жуады. (денемізді оңға бұрып, екі алақанды, үйкейміз солға бұрып үйкейміз)

М. Жаманбалиев

 

 

 

№2. Он саусақ

Жалғыз саусақ тіпті де, (сұқ саусақты ашып жұмамыз)

Ұстай алмас жіпті де.

Екі саусақ бірікті, (бас бармақ пен сұқ саусақты қосамыз)

Ине қолға ілікті.

Үш саусағым орамды, (бас бармақ пен сұқ саусақты және ортанғыны

қосып қимыл жасаймыз)

Жүгіртеді қаламды.

Өнерлі екен он саусақ! (он саусақты көрсетеміз)

Қала салсақ, жол салсақ. (қолымызды алдыға қарай созамыз)

М. Әлімбаев

 

№3.Жылыну

Егер тоңса қолымыз, Жылыта оны бастаймыз. Қолымызды пешке Тез жылыта аламыз, Алдымен алақанды. Уқалаймыз қаттырақ Сосын бақа секілді, Сосын жастық секілді,

Алақаным мінекей Шынындада жылынды. От секілді қызып тұрмын, Ұстап қане көріңдер.

№4. Жауын

Жауын жауын жау-жау. Егін басын бау-бау. Жауын жауып. Біз тығылайық қоя тұр. Жауын – жауын жау-жау. Жаумай енді қоя тұр. Балалардың олды көбі су.

№5. Жел

Шөпті қозғап жел еседі. Шөптер дыбыс береді, Ш-ш-ш-ш Жел ақырын басылды Шөптер де дем алды.

Просмотров: 230


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст