«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша  білім бөлімінің  жанындағы Атбасар қаласының «Алтын бесік» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын
Государственное  коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Алтын бесік» города Атбасар при отделе образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектепке дейінгі ұйымдардың жұмысын қайта бастау тәртібі

15.05.2020

Республика аумағында кезекші топтары бар мектепке дейінгі ұйымдар (бұдан әрі - МДҰ) жергілікті атқарушы органдардың жанында құрылған төтенше жағдайлар бойынша штабтардың және өңірдегі санитарлық дәрігердің шешімімен 2020 жылғы 11 мамырдан жұмысты қайта бастай алады.

МДҰ-да балалар мен қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына, оларға қауіпсіз жағдай жасау үшін жауапкершілік МДҰ-ның басшысына жүктеледі.

МДҰ-ға бірінші кезекте баланы үй жағдайында қалдыруға мүмкіндігі жоқ, ата-анасының екеуі де жұмыс істейтін, кейін басқа барлық ата-аналардың қалауы бойынша балалар қабылданады.

МДҰ-ны ашу үшін білім басқармаларына, білім бөлімдеріне барлық мектепке дейінгі ұйымдарға жұмысты бастау жөнінде хабарлау, мектепке дейінгі ұйымдарға:

- МДҰ-ға қажеттілікті анықтау үшін ата-аналардың арасында мониторинг жүргізу (кезекші топтарды ұйымдастыру туралы БАҚ, кез келген қол жетімді құралдар арқылы хабарлау, тәрбиеші баланың МДҰ-ға келуі жөнінде телефон арқылы (хабарламалар арқылы) өтініштерді қабылдайды және бір күн бұрын  МДҰ-ның басшысына хабарлайды), МДҰ-ға баруға ниет білдірген балалардың санына байланысты МДҰ-ның әкімшілігі санитарлық қауіпсіздік нормаларын сақтауды ескере отырып, топтарды қалыптастырады;

- МДҰ-да жедел жауап беру телефоны белгіленеді;

- балалардың санына байланысты жастары бірдей, түрлі жастағы (1жастан 3 жасқа дейін, 3жастан 6 жасқа дейін) топтарды жасақтау;

- МДҰ-ға бару мәселесі бойынша ата-аналармен түсіндіру жұмыстарын жүргізу (жұмыс тәртібі, жас топтары, денсаулық жағдайы, тиісті киім-кешек, МДҰ-ның күн тәртібін сақтау және т. б., баланы ерте әкелу, себебі балаларды қабылдау белгілі бір уақытты алуы мүмкін);

- 2020 жылдың 11 мамырынан бастап жұмыс істейтін МДҰ-ның қызметкерлерінің санын анықтау, қызметкерлердің жұмысқа шығу кестесін құру;

- ата-аналардың, жас топтарының жұмыс уақытын ескере отырып, карантин кезеңіне күн тәртібін бекіту;

- балалардың жас және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, жұмысты жоспарлау;

- перспективалық жоспар мен циклограмма құру (топтағы түрлі жастағы балалармен ұйымдастырылып өткізілетін іс-әрекет түрлері жазылады);

- шағын топтармен өткізілетін сабақ кестесін құру (бір шағын топпен тәрбиеші ұйымдастырылылған оқу қызметін жүргізеді, екінші шағын топтың балалары тәрбиешінің көмекшісінің бақылауымен басқа әрекетпен айналысады – үстел үсті ойындары, көркем шығарма оқу, құрастыру және т.б.);

- ойын және дидактикалық материалдардың балалардың жасына сәйкес болуы;

- топта болғанда қауіпсіз жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында балаларды үнемі бақылау;

- балалар әрекетінің түрлерін ұйымдастыру, күн тәртібіндегі сәттерді өткізу кезінде ара қашықтықты сақтау (Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына және үлгілік оқу жоспарына сәйкес ұйымдастырылған оқу қызметін өткізуде);

 - жеке жұмысты және шағын топтар бойынша жұмысты жоспарлау;

- балалар әрекетінің түрлерін өткізуде басқа педагогтер мен тәрбиешінің көмекшісін тарту ұсынылады;

- музыка, дене шынықтыру залында жаппай іс-шаралар, экскурсиялар және т.б. өткізуге тыйым салынады;

- дене шынықтыру және ұйымдастырылған оқу қызметінің басқа түрлерін мүмкіндігінше таза ауада өткізу ұсынылады, ауа-райының жағдайы мен өңірдің климаттық ерекшеліктері ескеріле отырып, серуеннің уақыты ұзартылады;

- күн тәртібіндегі процестерді жүргізу кезінде балалардың жасы мен жеке ерекшеліктерін ескеру - алдымен кіші жастағы балалардан бастайды, ересек балалар кейін қосылады, ал күндізгі ұйқыдан ең алдымен ересек балаларды, кейін кіші жастағы балаларды біртіндеп тұрғызу қажет;

- ата-аналар:

тәрбиешіге баланың балабақшаға келетін күнін телефон арқылы  (хабарлама жіберу) хабарлауы;

кез келген аурудың белгілері байқалған баланы МДҰ-ға апармауы;

МДҰ-ға бала келмеген күндері оның себебі туралы әкімшілікке, тәрбиешіге алдын ала хабарлауы тиіс;

ойыншықтарды және басқа да заттарды үйден балабақшаға әкелуге болмайды;

шкафтың ішін тазалау үшін бос қалдыру ұсынылады және балабақшадағы шкафта баланың тек 1 күн киетін киімі болуы керек.

 

 

Мектепке дейінгі білім беру объектілерінде

санитарлық- дезинфекциялық тәртіпті сақтау алгоритмі

 

1. Қызметкерлерді жұмысқа жіберу жергілікті жердегі қоғамдық денсаулық сақтау қызметімен келісу негізінде жүзеге асырылады. Жедел респираторлық инфекциялары (жоғары температура, жөтел, тұмау) және басқа да жұқпалы аурулары бар қызметкер жұмысқа жіберілмейді.

2. Балалар педиатрдың баланың денсаулығы жөніндегі анықтамасымен қабылданады. Медицина қызметкері балабақшаның барлық қызметкерлеріне күнделікті таңғы фильтр жүргізеді. Балаларды қабылдау кезінде күнделікті таңғы фильтрді медицина қызметкері және қызметкерлер жүргізеді. Аурудың белгілері анықталған жағдайда қызметкерлер жұмысқа жіберілмейді, балалар ата-аналарымен бірге үйге қайтарылады.

3. Келесі санаттағы тұлғаларға:

- COVID-19 жағдайы расталған адамдармен байланыста болғандарға;

- соңғы 14 күнде COVID-19 жағдайлары тіркелген шет елден немесе өңірлерден келгендерге;

- жедел респираторлық ауру белгілері бар тұлғаларға балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға әкелуге болмайды.

4. Объектіде қызметкерлердің, келушілердің қолдарын өңдеу үшін көрінетін және қолжетімді орындарға тері антисептиктерін орналастыру қарастырылады.

5. Балалардың қолдарын әрбір тамақтанудың алдында, далада серуендеп келгеннен кейін, санитарлық торапқа кіріп шыққан соң және басқа да қажетті сәттерде жуу (сұйық сабынды қолданып, қолдарды жуу) тәрбиешілердің жеке жауапкершілігіне жүктеледі.  

6. Желдету тәртібін сақтау: балалар топта болған жағдайда бір сағат сайын 15 минуттан кем емес уақытта топты желдету, балалар болмаған кезде топты өтпелі желдету. Желдету балалар үшін қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтай отырып, тәрбиешінің бақылауымен жүзеге асырылады.  

7. Есік тұтқаларын, баспалдақ таяныштарын, терезе алдын, түбектерді, топтағы санитарлық-техникалық жабдықтарды дезинфекциялау құралдарын қолданып (топ бөлмелерінде балалар болмаған кезде ғана дезинфекциялық құралдарды қолдану), екі мәрте өңдеу.

8. Дезинфекциялау және жуу құралдарының, антисептиктердің жеткілікті болуы.

9. Су ішу тәртібін сақтау (бір рет пайдаланатын стакандар).

10. Асхана ыдыстарын кешке дезинфекциялық сұйықтықты қолданып жуу. Қолданылатын ерітінді концентрациясы ұсынылатын нұсқауға сәйкес (жұқпалы инфекциялар кезінде). 

11. Азық-түлік блогында асхана ыдыстарын, бөлмелерді, жабдықтарды және мүліктерді нұсқау бойынша дезинфекциялық сұйықтықтың концентрациясын қолданып, күнделікті өңдеу режимі (жұқпалы инфекциялар кезінде).  

12. Балабақша қызметкерлерімен эпидемияға қарсы тәртіпті сақтау мәселелері бойынша нұсқау жүргізу.

13. Балабақша изоляторларын қызыл жолақпен бөлу, МДҰ-да медицина қызметкерлері үшін бетперделердің және жеке сақтану құралдарының болуы. 

 

Просмотров: 471


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст