Ата- аналар әрдайым мынаны есте ұстаулары керек: сүйкімді сәбилерінің мінез құлқында ұнамсыз, болмаса баланың өзіне қасірет әкелетін қасиеттерді:
Кейбір қасиеттер биологиялық тұқым куалаушылық факторлар ықпал етеді, бірақ олардың көпшілігін түзетуге болады: ұялшақ бала мысалы ұжымда өзін сенімді сезіну үшін қарым-қатынас жасауға үйрене алады: агрессивті бала өзінің ашуын басқаруға, ал импульсивті баланы өз қылықтарын алдын ала ойланып жасауға үйренеді. Мұндай балаларды сынақтар мен ғылыми негізделген әдістемелер көмегімен өзгертуге болады. Ата-ананың араласуынсыз оның мінез құлқы мүлдем нашарлауы мүмкін. Жаман мінез-құлық ол уақытша құбылыс: бала өскен соң, өзінен өзі қояды деп ойлау дұрыс емес. Бұлай ойлайтын ата-аналар баланың мінез-құлқының әдетке айналуына мүмкіндік береді, ал әдеттерден мінез пайда болады, ал мінезден тағдыр туатыны мәлім.
Баланың мінез-құлқындағы проблемасы бұл – баланың жеке басының ғана проблемасы емес, ол бүкіл отбасының проблемасы. Баланың мінез-құлқындағы жағымсыз қасиетін жеңу жолында барынша тиімді көмектесу үшін, ата-аналар оқиғаға сырттан қарап, өзіне: «Менің баламның мінез-құлқына қандай факторлар әсер етуі мүмкін?» деген сұрақтар қоюы керек.
Және өздеріне, өз тәрбиелеу стиліне, баламен қарым-қатынастағы өздерінің дағдыларына, өздерінің мінез-құлықтарының жеке үлгілеріне және эиоционалдық, реакцияларына әділ, парасатты және адал талдау жасауды бастау керек. Басқаша айтқанда айнаға үңіле қарау керек. Ондағы бейнеңіз балаңыздың мінез-құлқына орасан зор әсер етеді. Біздің бейнеміз, өз балаларымыз арқылы іске асырылады, олар өз көргендерін дәл көшірмелейді.
Жағдайды өзгертіп, балаңызбен өзара әрекеттестікті орнатуға болатын бірнеше кеңестер:
Өзіңіз зейінді тыңдаушы болыңыз. Егерде оған ешкім үйретпейтін болса, бала зейінді тыңдаушы бола алмайды. Балаңызбен сыпайы сөйлесіңіз. Балаңыздың өзіңізге жылдам назар аудартыдың әдісі бұл – сынау, бұйрық беру, ақыл айту, өз пікіріңді жапсыру, кіналау, қорқыту, айғайлау және жалығу. Егерде сіз бала болсаңыз, өзіңізбен қалай сөйлескенді қалар едіңіз және балаға да қарам-қатынастың осы түрін пайдаланыңыз.
Жазалаудың келесі түрлері:
Дене жазасы (ұру, желкеден түю, шащтан сүйреу т.б.)
Сөзбен жазалау (қорқыту, айыптау т.б.)
Оқшаулап жазалау (бұрышқа тұрғызу, бөлмеге, жуынатын бөлмеге, дәретханаға, қарым-қатынастан бас тарту т.б.)
Еңбекпен жазалау:
Бірақ әл күнге дейін ата-аналар үшін дене жазасы үйреншікті нәрсе болатын отбасылар кездеседі. Таяқ жейтін бала қорланған, жәбірленген сезімде болады. ол барынша тұйықталып, ызақорға айнала бастайды. Оның бұдан кейінгі мінез-құлқы кек алу жолына қарай өзгереді.
Жазалауға байланысты бірнеше кеңестер:
1 балаңызды жазаламас бұрын ең алдымен, оның неліктен тіл алмау себебін анықтау керек.
2 жазалау тәрбиенің міндетті әдісі болып табылмайды.
3 жазалау көп әдептілікті, шыдамдылықты, сақтықты талап етеді.
Ынталандыру.
Мектепке дейінгі жастағы балалар ынталандыруды жақсы түсінеді .Ата-аналардың өз уақытында және дұрыс айтқан мақұлдауды, пікірі балада жағымды намысты тудырады: баяу бала шапшаң болуға, тапсырманы ұқыпсыз жасайтын бала тырысып, одан жақсы жасауға ұмтылады.
Мектепке дейінгі баланың мінез-құлқын түзету ретінде ынталандыруды пайдалана отырып, өлшем сезім туралы да ұмытпау керек.және баланы асыра мақтауға жол бермеу керек, егерде баланы болмашы нәрсе үшін мақтай беретін болсаңыз, онда ынталандыру тәрбиелеу әдісі ретінде өзінің мәнін жоғалтады. Балалар мадақтауға үйреніп алып, оларға көңіл аудармайтын болады немесе өздерінің күнделікт іістейтін нәрселерін жасайтын болса да барлығын көрсетпекке істейтін болады. Сондай-ақ көп сый бере беруге де жол беруге болмайды. Шектен асқан материалдық игілікте бала жалқау, тұтынушы болып өсетін болады. Балаға сыйлық әперерде, тек оның қалауы ғана ескерілмейді, сонымен қатар отбасының мүмкіндігі де ескерілуі керек.
«Менің балам өте агрессияшыл»
Агрессивтік мінез-құлық – мектепке дейінгі жастағы балалардың арасында ең кең таралған ауытқушылықтардың бірі .балада агрессивтіктің пайда болуына көптеген факторлар ықпал етеді.
Отбасындағы тәрбие стилі (гипер немесе гиперқамқорлық)
Зорлық-зомбылық оқиғасын жаппай көрсету
Отбасындағы қаржылық тұрақсыздық
Отбасының әлеуметтік- мәдени мәртебесі.
Сондықтан да агрессиялы баласы бар отбасы отбасылық қарым-қатынастың жалпы отмосферасын айырықша мұқият талдау керек.
Агрессияны жою үшін келесі кеңестер:
Баланың өз агрессиясын шығара білу маңызды.
Ойыншықпен төбелесу:
Дененің күш жаттығуларын пайдалану:
Қағаз жырту:
Киімді ұрғысы келсе , соның суретін салу және осы суретпен бірнәрсе жасау.
Талап ету – отбасылық тәрбиенің ең кең тараған әдісі. Талап ету тікелей іске («істе», «бар», «жина»,) болуы мүмкін. Талап етуді түрлендіру қажет. Отбасында ерлі-зайыптылар арасында да, сонымен қатар ата-аналар мен балалар арасында да сабырлы да салмақты қарым-қатынас болу керек.
Психолог: Раисова А.Ш.