«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша  білім бөлімінің  жанындағы Атбасар қаласының «Алтын бесік» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын
Государственное  коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Алтын бесік» города Атбасар при отделе образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Логопедтің кеңесі

18.02.2019

  Баланы түрлі нақтылы немесе жұмбақ «қарақшылармен» қорқытуға қатаң тыйым салынады.Баланы қоршаған ортамен біртіндеп және абайлап таныстыру керек, бала әрекетіне жаңа заттарды оларға өзіне сәйкес түсіндірме бере отырып, біртіндеп енгізу керек.

- жақ және тіл бұлшық еттерін дамыту. Ірі тағамдарды тиімді шайнауды, аузын шаюды, ұртын толтыруды,ауаны бір ұртынан екінші ұртына аударуды т.б үйрету;

- баламен тек қана дұрыс тілде сөйлесу, «бала тілін» ешқашан қолданбау;

- балаға күн сайын қысқа ертегілер оқу;

- онымен жиі сөйлесу, оның барлық сұрақтарына шыдаммен жауап беру, сұрақ қоюын мадақтау;

- сөзді немесе фразаны, ондағы сөздердң орнын ауыстыра отырып, анық бірнеше рет қайталау;

- күніне бірнеше рет артикуляциялық гимнастикалар орындау.

Оның мақсаты - дыбыстарды айтуға қатысатын бұлшық еттерге жұмыс істету, оларды бағынышты ету. Оларға артикуляцияға аппаратының органдырын жаттықтыратын, дыбыстарды дыбыстауға ерін, тіл, таңдай қатыстыруға арналған жаттығулар енгізіледі.

Алғашқы кезде айна алдында жаттыққан дұрыс;

- балаға асыра жүктеме жасамау. Сабақты? 15-20 минуттан аспауы жөн;

- ұсақ моториканы дамыту үшін жаттығулар қолдану керек;

- кекештікте сөйлеу демалысын, екпінді және ритмді дамытуға мүмкіндік беретін музыка сабақтары жақсы нәтиже береді.

Баламен сабақ көңілсіз болмауы керек, оларды қызықты ойын түрінде өткізу, жайбарақаттық ахуалын жасау, баланы оң нәтижеге бағыттау, жиі мақтау керек.

 Логопед: Смагулова  Ж.Ж.

Просмотров: 870


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст