«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша  білім бөлімінің  жанындағы Атбасар қаласының «Алтын бесік» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын
Государственное  коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Алтын бесік» города Атбасар при отделе образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Бірінші бол»

13.02.2019

 

  Балабақшадағы серуен күн тәртібінің бір бөлігі болып табылады. Ол негізгі бес бөлімнен тұрады: бақылау, жеке жұмыс, қимылды ойын, табиғаттағы еңбек және дербес (еркін) ойындар. Бес бөлім бірін-бірі толықтырады. Серуен арқылы балаға айнала қоршаған орта туралы толық мағлұмат беріледі. Бала ауа райын, табиғатты, күнді, желді, ағаштар мен құстарды бақылай отырып білімін жетілдіреді, өзі үшін жаңалық ашады.

  Ортанғы «Тәй тәй» тобының балаларымен балабақша ауласындағы ағаштардағы қырауларды бақылау жүргізілді.

  Қыраудың пайда болу процесі туралы түсінік беру. Балалардың назарын қар еріген кезде, күрт суық түскенде және ауа-райы жылыған кезде айналаны қырау басқанын ағаштарда, орындықтарда және басқа заттарға қарап бақылауды ұсыну. Қырау – бұл мығым шық. Түнде жердің үстіндегі ауа салқындайды. Ауадағы сулы булар салқындаған заттармен өзара жанасып сулы тамшыларға айналып мұзды кесек болып қатыра,сөйтіп және қырау болады. Табиғаттың әртүрлі қысқы құбылыстарын көріп бақылау, қысқы қардың сұлулығына таңдануға балаларды үйрету.

  Қимылды ойындар: «Бірінші бол»

  Белгі бойынша іс-әрекет жасай білуін бекіту (шананы айналу және өз орнына тұру) және қосымша жаттығуларды орындау (шанаға отыру, 5 рет отырып-тұру және т.б) жылдам және еппен іс-әрекет жасау.

  Еңбек: Мұзды жол әзірлеу. Қарды өздігінен күрекпен белгілі орынға алып бару, оны нығыздауға үйрету; ұжымдық еңбекке қатынасуға үйрету, өз әрекеттері мен құрбыларының әрекеттерін келістіре еңбектену.

  Өз бетімен ойындар: Балаларға ойын тақырыбы мен мазмұнын түрлендіру; өз пікірін айту дағдыларын жетілдіру, өз құрбыларының пікірлерімен келісу, олардың рөлдер, ойыншықтар мен міндеттерін бөлісуге сыпайы түрде айтуын жетілдіру.

 

  Тәрбиеші Сенгирбаева М.С.

Просмотров: 814


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст