Балалардың өскелең буыны рухани құндылықтарға негізделген білімсіз жақсы әлем жасай алмайтыны айдан анық. Мектеп жасына дейінгі балаға адами құндылықтар мен жеке мәдени тәрбиені өскелең ұрпаққа қоршаған айналасы мен ортасына негізделіне отырып қалыптасады. Сондықтан баланың мектеп жасына дейінгі кезеңінде бойына туыс-туғандарына, қоршаған ортаға және табиғатқа деген мейірімділік пен махаббат, аяушылық сезімдерінің қалыптасуы аса маңызды.
Жалпы адамзаттыққа негізделген жоғары адамгершілік пен руханилық құндылықтар - әрбір адам өз күш - жігерімен ғана қалыптастыра алатын, оны еш біреуден сатып алуға және қарызға алуға болмайтын адамның ең құнды байлығы. Луций Анней Сенека: "Жан ұлылығы - барлық адамдардың қасиеті болуы тиіс" дейді. Қазіргі қоғамда барлығымыз жанымыздың ұлылығын ұмытпай, оны ұлықтауға ұмтылуымыз қажет. Өйткені тек рухани бай адам риясыз достыққа, шынайы махаббатқа қабілетті, сондай-ақ, толық өмір сүруе біліп, шын мәнінде бақытты болуға қабілетті бола алады.
Рухани-адамгершілік тәрбие балалық шақтан бастау алуы тиіс. "№5 "Алтын бесік" балабақшасы" МКҚК - да осы мәселеге үлкен көңіл бөлуде. Өзін-өзі тану онкүндігі аясында "Махаббат пен шығармашылық педагогикасы" тақырыбында жалпыадамзаттық құндылықтар туралы түсініктерді қалыптастыруына бағытталған іс-шаралар өткізілді. №5 "Алтын бесік"балабақшасының тәрбиеленушілері мен педагогтары үшін бұл апта қызықты және қарқынды өтті.
Өзін-өзі тану онкүндігі "Жақсылық жолымен жүрейік" атты салтанатты ашудан басталды. Бір-біріне жүрек рәмізін бере отырып, балалар мен педагогтар достарына деген сүйіспеншіліктерімен бөлісті. Қуаныш шеңберінің соңында балалар мейірімділік туралы ән шырқап, барлығын жақсы көңіл-күймен өткізді. Апта бойы адамгершілік - рухани тақырыптарға әңгімелер мен сабақтар өткізілді.
Өзін - өзі тану пәнінің мұғалімі Тополева Н.Н. "Зерек бала" және "Қарлығаш" топтарында "Мен-көмекшімін" тақырыбында сабақ өткізді. Сабақта балалардың бір-біріне, ересектерге көмек көрсетуге, туған-туысқандары мен жақындарына қамқорлық болу дағдыларын қалыптастыру бойынша міндеттерін шеше білді.
Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Тенбаева Д. А. "Болашақ" ересектер тобында "Түсіну және кешіруді үйренеміз" тақырыбында сабақ өткізді.
Сабақ барысында балалар әділ мінез-құлық тәжірибесі арқылы айналасындағыларды түсінуге және кешіруге үйренді.
Рухани - адамгершілік білім мен тәрбие педагог тұлғасынан бастау алады. Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі И.А.Тяглая "Адамгершіліксіз білім беру –қанатсыз үшар құс" тақырыбында педагогтармен дөңгелек үстел өткізді. Отырыс барысында заманауи педагогтардың адамгершілік мәселелері шешілді. Білім берудегі тәрбиешінің рөлі туралы өз көзқарастарымен бөлісу мен қатар, тақырыпқа негізделген ғұлама даналар: Абайдың, Я. Корчактың, С.Соловейчиктің, Коменский, И.Канттың айтқан пікірлеріне негізделе отырып, ойларын ортаға салды.
Өзін –өзі тану пәнінің ұйымдастырылған оқу қызметінің басқа сабақтармен ықпалдастыру бойынша сабақ өткізу ерекшеліктері туралы балабақша әдіскері А. М. Байгазина мастер-класс көрсетті.
Онкүндік барысында ата-аналармен бірлескен ұжымдық жұмыс жүргізілді. Педагогтар мен ата-аналар бірлесіп "Отбасы әлемі"атты фотокөрме ұйымдастырылды. Әр отбасы балалардың рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудағы отбасы қызметі көрсетілген фотосуреттерді ұсынды. "Мөлдір бұлақ рухы" тақырыбы бойынша сурет көрмесінде мектеп жасына дейінгі балалар өздерінің мейірімділік, достық, жақын адамдар, жануарлар, табиғат туралы қамқорлықтарын бейнелейтін жұмыстарын ұсынды.
Өзін - өзі тану апталығы балалардың рухани-адамгершілік білім беру міндеттерін іске асыру арқылы өтті. "№5"Алтын бесік" балабақшасы МКҚК тәрбиешісі Тополева Н.Н.