«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша  білім бөлімінің  жанындағы Атбасар қаласының «Алтын бесік» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын
Государственное  коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Алтын бесік» города Атбасар при отделе образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ата –аналарға арналған «Баланың проблемалық мінез –құлқын кезеңдеп өзгерту ережесі» жадынамасы

08.09.2022

Ата –аналарға арналған «Баланың проблемалық мінез –құлқын кезеңдеп өзгерту ережесі» жадынамасы

Баланың мінез – құлқын өзгерту бұл – дәйекті түрде жүргізілуі керек және төрт нақты ереже және еңбекті көп қажет ететін жұмыс.

.  Баламен қарым – қатынас орнатыңыз. Зейінді аударуы мүмкін нәрсенің санын шектеңіз, байсалдылықты ұстау үшін терең дем алыңыз, көру байланысын орнатыңыз және де баланың сізді зейін салып тыңдауға дайын екенін көз жеткізіңіз.

.  Балаға сізді алаңдататын мінез – құлқы туралы айтыңыз. Проблеманы қысқаша сипаттаңыз, неліктен бұл сізді алаңдататынын және одан қандай мінез – құлық күтетініңізді айтыңыз, мысалы: « сені сондай дауыспен сөйлескен кезде, бұл сенің мені сыйламайтындай болып көрінді. Мен сенің құрметпен сөйлегеніңді қалар едім»

 . Проблеманы бірге шешуге бір – біріңізге уәде беріңіз. Баланың өзгеруі үшін, онымен жұмыс істеуге міндет алғандығыңыз туралы айтыңыз.

 . Проблемалық мінез – құлықты ауыстыруға қабілетті жаңа мінез – құлықты баламен жаттығыңыз, бала оны дұрыс пайдалана білуі керек.

      Қыңқылдаудың әдетке айналып кетуі соншалықты, кейде бала басқаша қалай сөйлеуге болатынын ұмытып та қалады. «Менің сенің қыңқылыңды естігім де келмейді. Менің даусыма құлақ сал. Мен сенің тура осылайбір нәрсені сұрағанымды қалаймын. Ал енді сен байқап көр!»

  . Көрінген бойда – ақ баланың проблемалық мінез – құлқын түзетіңіз. Күтпеңіз.  

Баланың айтқаныңды тыңдамауы бастаған кезі, нағыз араласатын уақыт. Қысқа сөйлеңіз; баланың дұрыс жасамағанын түсіндіріңіз және дұрыс мінез – құлықты мысалға келтіріңіз: «Мен сенің ашулы болғаныңды түсінемін, бірақ ұрып жіберуге сенің қақын жоқ. Келесі жолы сен адамға ашулы екеніңді айт және одан не керек екенін түсіндір»

  . Кезеңдеп өзгеру уақыты ішінде баланың табыстарын ұдайы тексеріңіз. Қажет болса өз жоспарыңызды түрлендіріп отырыңыз.

  .  Белгіленген айыпұлдық ықпалшара жөнінде балаға хабарлаңыз. Олар сараланған, баланың жас мөлшеріне және жасаған қылығына сәйкес болу керек және оны алдын – ала жариялаудың да маңызы аз емес: «Егерде сен тағы да тістейтін болсаң, сенің бес минутқа бұрышқа тұруыңа тура келеді»

 . Жалғаса берген проблемалық мінез – құлық жағдайында да айыппұлдық ықпалшараны пайдаланыңыз.

 . Балаңыздың өзін жақсы ұстауға тырысқан әрекетін көтермелеңіз

«Сен құрметпен сөйледің. Мен бұдан былай да осылай болғанын қалар едім. Жарайсың!

 . Жақсы нәтиже көрген сайын, әрдайым балаңызды табысымен құттықтаңыз.

Педагог – психолог : Раисова А.Ш.



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 08.09.2022 17:49
Құрылған күні: 19.04.2023 12:13

Текст