«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша  білім бөлімінің  жанындағы Атбасар қаласының «Алтын бесік» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын
Государственное  коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Алтын бесік» города Атбасар при отделе образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ешкім де ешқашан да ұмытылмайды

  Ұлы Отан соғысында Атбасар ауданының азаматтары Ұлы Жеңіске өздерінің қомақты үлестерін қосты. 1941-1945 жылдары майданға 5895 адам қатысты. 2907 еліне оралмады. Олар Отан үшін шейіт болды.

Атбасарлықтар Мәскеу маңындағы шайқастарға қатысып, Сталинградты қорғады, Ленинградты жауға бермеді, Украинаны, Беларуссия мен Литваны, Эстония мен Латвияны, Польша мен Венгрияныазат етті. Румыния, Чехословакия, Болгария аумағындағы фашистерді қудалады, Берлинге шабуыл жасады, біраз атбасарлық жерлестеріміз шығыстағы – импералистік Жапониямен соғысты. 110 атқыштар дивизиясы құрамасында Атбасар жерінің біраз ұлдары мен қыздары да соғысты.

Атбасар ауданының жұртшылығы Ұлы Отан соғысы жылдарында ерлік көрсеткен жерлестерін мақтан тұтады – Кеңес Одағының батырлары Ақан Құрманов, Николай Веденеев, Иван Дьяченко, Никита Карацупа (соңында – әйгілі шекарашы болған).

Аудан соғыс жылдарында Қорғаныс қорында 4млн. пұт на, 6200 центнерсүт, 2720 центнер ет, 25 килогүрамм алтын бұйымдарды, 2,6млн. сом ақшалай және 2 млн. сомнан артық мемлекеттік займның облигацияларын сатып алды.

Тек қана 1941 жылдың өзінде алғы шепке, майданға 73 автокөлік, 13 трактор, 620 жылқы, 102 ат-арба ауданнан аттандырды.

1942 жылы майдангерлерге атбасарлықтар 929 пар пима, 78 тон, 234 фуфайка, 1547 пар қолғап, 342 бас киім және басқа да жылы киім-кешек жіберді.

Аудан тұрғындары жаудан босатылған батыстағы аймақтарға қомақты көмек көрсетті, фашистерден азат етілген Орлов облысына 1943 жылы ұжымшылар 1550 ірі қара мал, 800 қой, 70 шоқа және 50 мыңнан астам ақшалай көмек берді.

Аудан әкімдігінің жанында  Иван Иванович Комиссаров басқарған ардагерлер кеңесі құрылған. Кеңес отырыстарында соғыс ардагерлерінің және тың игерушілердің өзекті мәселелері шешілді. Барлық кәсіпорындар, ұйымдар мен әкімдік басшылары үнемі көмек көрсетіп тұрады. Бүгінде қарттар күнін мерекелеу дәстүрге айналды, сонымен қатар ардагерлер хоры жұмыс істеуде. «Ешкім де ешқашан да ұмытылмайды» айдарымен кездесулер өтіп тұрады, ардагерлеріміз дана кеңестері, жастарға өмір сүру бағытын үнемі бағдар беріп келеді, үлкен көмек береді.

 Қабдеш Әйгерім

Жаңартылған күні: 01.06.2020 14:55
Құрылған күні: 01.06.2020 14:57

Текст