Наурыз мейрамы – Қазақстан Республикасында ежелгі және ең құрметті мерекелердің бірі, ол уақыт пен ұрпақтың үздіксіз байланысын бейнелеп, көктемгі күн мен түннің теңелуін, барлық тіршіліктің жаңаруы мен оянуын білдіреді.
Наурыз-жаңа жылдың , көктемнің басы, салтанаттың, құнарлылықтың, достықтың, өз күшіне деген сенімнің, терең өзара құрмет, мәдениеттер мен дәстүрлердің жақындасуы. Наурыз мейрамын мерекелеу қарсаңында біздің «Алтын бесік» бөбекжайымызда балалар мен ата-аналар шығармашылығының «Табиғатты жаңаруы» атты көрмесі ұйымдастырылды. Дарынды тәрбиеленушілер мен ата-аналар қолөнер кереметтерін, қиял мен шеберліктерін көрсете отырып, суреттер мен қолөнер көрмесіне қатысты. Осындай көрмелерді ұйымдастыра отырып, біз баланың және оның ата– анасының бірлескен іс-әрекеті, көркемдік-эстетикалық талғамды,қиялдарын дамыту мақсатарын көздейміз.
Янукевич Миленаның отбасы «Алтыбақан» және Мұрат Қарақаттың отбасы «Жайлау» қолөнер жұмыстарымен шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Тюков Давид «Көктем далада», Амина Калкенова «Наурыз көже», Иосиф Масан «Көктем мерекесі» суреттерінде табиғаттың көктемгі жаңаруын көрсетті. Әр жұмыста шығармашылық қабілеттермен ой-қиял тәсілдерін көруге болады.
Көрмеге қатысқандардың барлығына алғыс айтып, бөбекжай мен отбасылық бірлескен іс-шараларына шығармашылық табыс тілегіміз келеді.