Мектепке дейінгі жаста білімді ойын арқылы меңгеру оқу-қызметіне қарағанда әлдеқайда табысты болатыны белгілі. Ойын барысында бала өзі білмеген нәрсені үйренуге ұмтылады. Өз бетінше ойын әрекеті – бұл әр баланың өз қызығушылықтарына сәйкес әрекетті таңдауын қамтамасыз ететін және достарымен қарым-қатынас жасауына,жеке әрекет етуіне мүмкіндік беретін педагог құрған,пәнді дамытушы білім беру ортасы жағдайында тәрбиеленушілердің еркін әрекеті. Топта ұсынылған ойын материалы әртүрлі: бұл үстел ойындары, ойыншықтар, әдебиеттер жинақтары, бояу кітапшалары, қосымша материалдар. Балалар бос уақытында тек ақ парақтарды ғана емес, жарқын бояу кітапшаларын қолданып сурет салуды жақсы көреді. Өзіндік әрекетті ұйымдастыру бөбекжайдағы оқу процесінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.
Тәрбиеші: Бейсембаева Л.В