Ата-аналардың балабақшамен және отбасымен өзара ынтымақтастығына деген қажеттіліктері мен қызығушылықтарын анықтау және зерттеу мақсатында, 2025 жылғы 20 ақпанда Атбасар қаласындағы №5 мектепке дейінгі ұйымда сауалнама жүргізілді.
Сауалнамаға ересек және логопедиялық топ тәрбиеленушілерінің ата-аналары (заңды өкілдері) қатысуға шақырылды. Оларға 15 сұрақтан тұратын сауалнама ұсынылды.
Қорытынды:
Ата-аналар балалардың тәрбиесі мен дамуына қызығушылық танытып, педагогтармен тығыз қарым-қатынаста. Муниципалдық қызмет көрсету жұмыстарын сауалнама нәтижелеріне сүйене отырып ұйымдастыру қажет. Ата-аналармен (заңды өкілдермен) өзара әрекеттесуде оларды мектепке дейінгі ұйыммен бірлесіп жұмыс істеуге ынталандыратын әдістер мен тәсілдерді қолдану маңызды. Сондай-ақ ата-аналарды мектепке дейінгі педагогика және психология мәселелері бойынша оқыту және кеңес беру жұмыстарын жүргізу қажет. Болашақта ынтымақтастық барысында сауалнамада көрсетілген ұсыныстар мен тілектерді ескеру керек.