Текст
Балалар ойындары мазмұнына, ұйымдастырылуына, қолданылатын материалдарына және балалардың әрекеттеріне қарай бірнеше түрлерге бөлінетіні белгілі. Олардың әр қайсысының бала тұлғасының қалыптасуында және дамуында алар орны бар. Балалар ойындарының бір түрі.Үстел үсті ойындары болып келеді: жұп картинкалар, лото, домино. Оларды қолдануда шешілетін тапсырмалар да әр түрлі және дамытушы болады.Кіші«Сәби» тобында балалар үстел үсті ойындарды қызығушылықтарын артырып ойнайды.
«Сиқырлы ертегілер» ойыны сүйікті ертегілерді еске түсіруге мүмкіндік береді,басты кейіпкерлерді танып, қарапайым логикалық тізбектерді құруға үйретеді. Ойын барысында байқау,ойлау,есте сақтау қабілеті дамиды,ұсақ моторика жетілдіріледі.